Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Атырау облысының «Тарих және археология орталығына» шетелдік ғалымдар келеді

Атырау облысындағы жаңа «Тарих және археология орталығы» жұмысына шетелден атақты ғалымдар шақыртылмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау21 Қазан , 09:00

«2013 жылдың 27 маусымында Атырау облысының әкімдігі жанынан облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы жанындағы «Тарих және археология орталығы» КМҚК ашу жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлік ғылыми-археологиялық жұмыстармен айналысып, ұлттық тарихты зерделеу, зерттеу және насихаттауды қолға алмақ.

Аталмыш жұмысты орындау үшін жергілікті ғалымдар жұмысқа алынып, шет елдерде білім алған жас мамандар тартылмақ. Сонымен қатар, сырт елдердің атақты ғалымдары да шақыртылмақ.

Хабарламада айтылғандай, тарих және архелогия зерттеу жаңа орталығында археология мен тарихты фундаменталды және қолданбалы зерттеу бойынша жұмыс істеу, тарихи және мәдени жәдігерлерді сақтау мен зерттеу,  мәдени құндылықтарды қорғау, қалпына келтіру мен тарату және халықтың осыған ат салысуын қадағалау жұмыстары жоспарлануда.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика