Адам капиталын дамыту

Кәсіби стандарттарды дайындау – уақыттың еншісінде – Т. Дүйсенова

Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі жалпыға бірдей еңбек қоғамын дайындау бойынша тұрғындардың жұмыспен қамтылуы баса назарға алынуда. Алға қойған мақсатты орындау үшін жаңа талапқа сай мамандарды дайындау жүзеге асырылуда. Ұлттық біліктілікті артыру жүйесі мен оларды енгізу үшін қандай әрекеттер жасалу керектігін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. К. Дүйсенова айтты.
Казахстан21 Қазан , 11:00

Тамара Қасымқызы, ұлттық біліктілік жүйесі жайында айта кетсеңіз?

Біз қозғап отырған әңгіме өте өзекті. Соңғы жылдары әлемде түбегейлі өзгерістер болды. Экономикалық прогресс пен индустриалды-инновациялық деңгейге көтерілу, экономика құрылымының өзгеруі сынды бірқатар өзгертулер болды.  

Адамдардың, нарықтың қажеттілігі де өзгерді. Аталмыш қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін 2012 жылы ҚР Еңбек Кодексіне жаңа тақырып енгізілді «Ұлттық біліктілік жүйесі» - бұл еңбек нарығының тұрақталуы мен жұмыс берушілердің талабына сай мамандарды дайындау.

Құрылымы бойынша оларға мыналар кіреді:

-Ұлттық біліктілік шегі

-Кәсіптік стандарттар

-Кәсіптік дайындық деңгейі мен мамандардың біліктілігін растау

Жаңа жүйені құра отырып, кәсіптік стандарттардың құрылымына да өзгерістер енгізу қажет.

Кәсіптік стандарт оқу жүйесі мен бағдарламасына тікелей байланысты болуы тиіс қой?

Әрине, кәсіптік және білім беру стандартының арасында бөліну болмау керек. Оқу жүйесі жұмыскерлерге жаңа талаптар бойынша білім беруі тиіс.Оған қоса, ұлттық біліктілік жүйесінің ажырамас бір бөлігі ол – сертификациялау жүйесі, яғни диплом алғаннан кейін кәсіптік және біліктілік деңгейін бағалау. Біліктілікті және кәсіптік деңгейдің көтерілуі  жұмыспен қамтушының тәжірибелік талабына сәйкес болуы қажет.

Мемлекеттің қатысуы арқылы қоғамдық пікір өзгеріске ұшырайтыны анық. Ал өзге сұрақ, жұмыспен қамтушыларға кәсіптік стандарттар керек пе? Ол тұрғындар мен жұмыскерлерге қандай әсер береді?

Өте қызықты және дұрыс сұрақ. Әлеуметтік жаңғыртуға қатысушының кез келген жетістігі « мемлекеттің серіктестік механизмі мен жеке секторының кәсіптік ұйымына» қатысты болып келеді. Бұл жағдайда кәсіптік стандарттар мен оны енгізу – әлеуметтік диалог алаңын құрудың бірден-бір жол.

Тамара Қасымқызы, өзге елдерде кәсіби қызметті стандарттау қолданыла ма?

Соңғы жиырма жыл ішінде технологиялық өрлеу мен біліктіліктің жұмыс күшін дайындау үшін  шетелге асу белең алды. 100-ден артық мемлекетте ұлттық біліктілік құрылымы мен  стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. Әсіресе бұған Ресей Федерациясы көп көңіл бөлуде.

Өзіңіз атап өткендей, шетелдік новацияның бірі модельді кәсіптік стандартқа көшу болып табылады. Бұл бағыт жайлы  толығырақ айтып жіберсеңіз?

Біліктілік моделі 80 жылдары Ұлыбританияда құрастырылған болатын. Оған сәйкес біліктілік жүйесін құрастыру білімді тиімді пайдалану жүйесіне бағытталған. Бұл еңбек нарығының өзгеруін қадағалап, тұрақтандырады. Қазіргі таңда Еуроұйым мемлекеттерінде компетенцияларды оқу ауқымы кеңейді.

Кәсіптік стандарттардың қандай құрылымы ҚР заңнамасымен тұспа тұс келеді? Оның тәжірибелік жұмысы қалай жүруде?

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кәсіптік стандарт «өкілетті мемлекеттік органдар сәйкес қызмет саласы бойынша жұмыс берушілер ұйымы мен салалық жұмысшылар ұйымы» арқылы құрастырылуда.

Кәсіптік стандарттарға өзгертулер енгізіле ме, әлде өз қалпында қалуы тиіс пе?

Ұлттық кәсіптік жүйе өз қызметін орындау үрдісіне кіріскенде кәсіптік стандарт кез келген өзгеріске ұшырауға дайын болуы тиіс. Белгілі өзгерістер кәсіптік стандарттарға енгізіледі. Жалпы қоғам еңбегі мен Бірыңғай экономикалық аумақ бойынша да өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Сіз таныстырған жаңа біліктілік жүйесі «таза алқапта» құрылып жатқан жоқ. Осы күнге дейін жұртшылық қауым кеңестік үлгідегі  бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамсын қолданылады. Сіздің көзқарасыңыз бойынша олардың айырмашылығы қандай?

Кәсіптік стандарттар бүгінгі таңда заманауи жаңа еңбек нарығы бойынша жұмыс берушілердің тапсырмасымен орындалды. Кәсіптік қызмет стандарты бойынша мамандықтардың біріккен топтары арқылы жүзеге асырылуда. Егер де осыған дейінгі анықтамалар 5 мың мамандық пен лауазымнан құралса, қазір стандарт бойынша 800-900 дайындау жоспарланып отыр.

Сіздің пікіріңізше кәсіптік стандарт жұмысын қандай үрдіс қиындатады? Оларды шешу үшін не істеу қажет?

Кәсіптік қызметты стандарттау үшін қалыптасқан дәстүрдің инерциясын артқа қалдыру қажет. Бұл саланың жұмысын жеңілдеті үшін  қосымша салааралық координацияның өзгеруі мен аталмыш үрдіске қызуғышылық білдіргендердің барлығын қатыстыру қажет. 




Яндекс.Метрика