Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақтелеком» ресейлік «МегаФонмен» бірлесіп Еуропа мен Азия арасында ақпарат тасымалдаудың жедел магистралін іске қосты

Мәскеуде «DREAM» атты Еуропа мен оңтүстік-шығыс Азия арасында ақпарат тасымалдау жедел магистралін іске қосу бойынша халықаралық жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметі.
Әлемде20 Қазан , 12:28

«Қазақтелеком» АҚ ресейлік «МегаФон» ААҚ-мен бірлесіп «DREAM» атты Еуропа мен Азия арасында ақпарат тасымалдау жедел магистралін іске қосты», - делінген хабарламада.

Магистраль Қазақстан, Ресей,Украина, Словакия, Австрия мен Германия шекарасынан өтеді. Франкфурт-на-Майнемен Қазақстан-Қытай арасындағы жобаның жалпы ұзындығы 8700 км.

Айта кету керек, жобаның ең басты  артықшылығы кабельдік сым жүйесімен салыстырғанда магистралдің сенімділік деңгейі жоғарылығында. Өз кезегінде «DREAM» маршруты аймақтарда нөлдік дәрежеде әсер етіп, сейсмикалық қауіпсіздік тудырмайды.

«МегаФонмен» арадағы әріптестік «Қазақтелекомға» Еуропа-Қытай бағытында транзиттік каналдар  нарығына шығуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда аталмыш канал ең ұтымды желідегі қысқа жер асты каналы болып табылады», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Бас коммерциялық директоры Рафаэль Абыханов.

 

 




Яндекс.Метрика