Дене шынықтыру мен спортты дамыту

«Барыс» «Сібірді» жеңді

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ чемпионаты матчында Новосібірдің «Сібір» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру Агенттігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Қазан , 12:00

«Барыстың» соңғы кездегі кездесулері оңайға түспеді. Аталмыш  ойынның да астаналықтар үшін қиынға түскені анық. Букмекерлер басымдылықты ресей клубына берген болатын», - делінген хабарламада.

Осыған қарамастан ойын 3:2 есебімен елордалықтардың пайдасына шешілді. Ойын барысында 0:2 есебімен ұтылып жатқан астана командасы дереу ойын тізгінін өз қолдарына ала білді.

Айта кету керек, Еремеев салған астаналықтардың алғашқы шайбасы бортқа тиіп барып бос тұрған қақпаға кірді, қарсыластың қақпашысы шабуылшыларға көмектеспекші болып алға шығып кеткен болатын. «Барысқа» жеңіс әкелген Доустың дублі болды.

Үшінші шайба ойынның бітуіне екі жарым минут қалғанда салынды.

 

 




Яндекс.Метрика