Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Сенаторлар Ақтаудағы Әскери-теңіз базасында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің базасында болды. Сапар барысында әскери-теңіз бөлімінің материалдық-техникалық базасымен және жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейі таныстырылды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау20 Қазан , 10:35

«Бүгінде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері жүктелген тапсырмаларды орындау мен теңіздегі мемлекеттік мүддемізді қорғауға дайын. Оған мысал ретінде «Шағала-2013» оқу-жаттығуында біздің теңізшілеріміздің алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде тағы бір көрсете алғанын айтуға болады», - деп ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес сенаторлар үшін еліміздің Әскери-теңіз күштері туралы брифинг ұйымдастырылды. Онда меймандарға әскери теңізшілердің күнделікті қызметі мен келешегі туралы толыққанды мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ және «Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның басшылары депутаттарға мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Айта кетейік, жұмыс сапары шеңберінде сенаторлар «Қазақстан», «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелерімен теңізге шығып, отандық қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін бақылады




Яндекс.Метрика