Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Кеше, 19 қазанда Алматыда жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астана қаласы20 Қазан , 09:16

«Жаңа депо заманауи шарттармен, архитектуралық-техникалық шешімдер мен дизайн бойынша  салынған. Материалдық база барлық халықаралық стандарттарға жауап береді», - делінген хабарламада.

Депоның  құрылысына республикалық бюджеттен 903,2 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Тек өрт сөндіру техникасының өзіне 340 млн теңгеден астам ақша жұмсалған. Осы қаражатқа 6 өрт сөндіру машинасы алынды.

Айта кету керек, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешу мақсатында жоба тарапынан 800 шаршы метр болатын 7 пәтер мен 20 бөлмелік өрт сөндіру депосы салынды.

Жаңа депо 174 мың адамның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

 




Яндекс.Метрика