Президент тапсырмаларының орындалуы

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асу табысын өзгертеді

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асу табысын өзгертіп, оны ашық және әділетті қылмақ.
Казахстан19 Қазан , 10:17

«Құрылысжинақбанкінің» басшысы  Нұрбибі Наурызбаеваның   отставкаға кетуін 17 қазан күні өткен  баспасөз конференциясында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басқарма бастығы Қуандық Бішімбаев мәлімдеген болатын. Ол Елбасының сынынан кейін жасалған әрекет екендігі анық.

Айта кетейік, «Бәйтеректің» өзі Мемлекет басшысының Жарлығымен ашылған болатын. Ол экономиканың тұрақталуы, инвестицияларды тарту, технологиялық кластерлерді дамыту мен ұйымдардың копоротивті басқармасының өсуіне бағытталған.

Өткен аптада «Ақордада» Мемлекет басшысы «Құрылысжинақбанкінің» төңірегінде болып жатқан бассыздықты жоюға тапсырма берген болатын.

« «Құрылысжинақбанкінің» басшылығы миллион табысқа ие болып жатса да арзан бағаға пәтерлер алып жатыр. Маған Алматы қаласындағы банк филиалының директоры мен орынбасарына пәтер берілген анықтаманы көрсетті. Пәтерді басқарушы директор мен ағасы, баласы  алған», - деді Президент.  

Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің басқарма басшысы Қуандық Бішімбаевқа жүйені  ашық қылуды тапсырған.

«Құрылысжинақбанкінің» жетекшілері мен олардың туыстары «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысу мүмкіндігінен шеттетіледі. Жаңа механизмдерді жүзеге асыру тапсырмасы ТҚЖБ жаңа төрағасы Айбатыр Жұмағұловқа жүктелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика