Инфрақұрылымды дамыту

Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Арқалық көшелері қалпына келтіріледі

Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Арқалықта төрт көше қалпына келтіріледі. Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді.
Қостанай15 Желтоксан , 00:00

«Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қала көшелерін қалпына келтіру бойынша 4 жобаны іске асыру қарастырылды. Болжам бойынша жалпы шығын сомасы 1372,521 млн теңгені құрайды. Қайырбеков көшесінен Абай даңғылына дейін ұзындығы 1,2 шақырымға жететін Әуелбеков көшесі жөнделеді. 2013 жылға жоспарланған шығын сомасы - 311,793 млн теңге. Сондай-ақ, теміржол үстіндегі өтпе жолдан бастап Промышленная көшесіне дейін ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын Қайырбеков көшесі жөнделеді. 2014 жылға жоспарланған шығын сомасы - 303,333 млн теңге», - деп атап өтті ол. 

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, Қайырбеков көшесінен «Петропавл-Жезқазған» жолына кіреберіске дейін ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын Жәнібек көшесін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Болжам бойынша, 2014-2015 жылдардағы шығын сомасы 503,244 млн теңгені құрайды. Және де Жәнібек көшесінен Абай даңғылына дейін ұзындығы 0,5 шақырымды құрайтын Байтұрсынов көшесі жөнделеді. 2015 жылға жоспарланған шығын сомасы - 254,151 млн теңге.




Яндекс.Метрика