Президент тапсырмаларының орындалуы

«Құрылысжинақбанкі» АҚ бойынша заңсыз берілген пәтерлер қайтарылады

«Құрылысжинақбанкі» АҚ-ның бұрыңғы топ-менеджмент отбасылары мемлекетке пәтерлерді өз еркілерімен қайтарулары тиіс, себебі олар заңсыз жолмен алынды. Аталмыш әрекет орындалмаса мәселе сот арқылы шешілетін болады.
Казахстан19 Қазан , 11:15

Өткен жұмада Мемлекет басшысы ТҚЖБ қызметін қатаң сынға алған болатын. «Маған Алматы қаласындағы банк филиалының директоры мен орынбасарына пәтер берілген анықтаманы көрсетті. Пәтерді басқарушы директор мен ағасы, баласы, алған», - деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің басқарма басшысы Қуандық Бішімбаевқа жүйені  ашық қылуды тапсырған.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен елді жерлердегі тұрғындарды пәтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғындар бағдарлама арқылы құрылысжинақ  жүйесі бойынша арзан несиелік көрсеткішке пәтер ала алады. Алайда, жүйе «Құрылысжинақбанкінің» бұрыңғы жетекшілері айтқандай, ашық және тиімді болмай шықты.

Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Қазақстандық несиелік компанимя», «ҚазЭкспортГрант», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «KazynaCapitalManagement» сынды жобалар енеді. «Бәйтерек» ҰБХ мақсаты – стратегиялық жобаларды тиімді пайдалануды басқару.

 

 




Яндекс.Метрика