Президент тапсырмаларының орындалуы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі өзгеріске түспек

Елбасының тапсырмасына сай, компанияның жаңа басшылығы заң бұзушылықтарды жойып, жұмыс істеу тиімділігін арттырмақшы.
Казахстан19 Қазан , 14:15

17 қыркүйекте Астанада Орталық Коммуникациялар Қызметінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басшысы Қуандық Бішімбаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның орнына Айбатыр Жұмағұловты тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана аталмыш банк жетекшілерінің қызметтік мүмкіндігін асыра пайдалнағаны жайлы мәліметтер анықталған болатын. Компанияның топ-менеджменті экс-төрағамен бірлесе отырып қарапайым халыққа арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша берілуі тиіс пәтерледі өз араларында бөліскен.

Өткен аптада осыған қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың  ойы айтылды. Елбасы бұл бассыздықты тоқтатып, кінәлілердің жазалануын талап етті. «Пәтерлер алуы керек халыққа берілсін. Банк төрағасы ақылды қызметкер, жұмыс істей алады, алайда бұл оның кешіріміне себеп бола алмайды», - деді Мемлекет басшысы.

«Бәйтеректің» басшысының айтуынша, холдинг «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттарын өзгертуге ниетті. Атап айтсақ, бағдарламаға банк басшылары мен оның туыстарының қатысуына шектеу қоймақ. «Сонымен қатар, біз ерікті түрде пәтерлердің қайтарылуы мәселесін қарастырып жатырмыз. Ал керісінше жағдайда біз пәтерлерді сот жүйесі және жергілікті атқарушы органдар мен прокоратура көмегіне жүгінеміз», - деді Қуандық Бишімбаев.

Естеріңізде болса, «Бәйтерек» холдингі ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бұйрығымен құрылған болатын. Оның мақсаты дамуға мүмкіндік жасау мен экономиканы диферсификациялау, инвестиция тарту, технологиялық кластерлерді дамыту, үлескер компаниялар арасында корпоративті басқаруды ұйымдастыру.

 

 

 




Яндекс.Метрика