Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Павлодарда ТЖ бойынша арнайы техника көрмесі өтті

Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Павлодарда төтенше жағдайлар бойынша апаттық-құтқару қондырғылары мен арнайы техникалар көрмесі өтті, деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖ департаменті.
Павлодар19 Қазан , 14:40

«Көрмеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары төтенше жағдай қызметі мамандарының жеделдігі мен дәлдігіне тәнті болды. Өрт сөндірудің замануи техникалары, қондырғылары мен сүңгуірлер,көтергіш механизм мен түрлі құрал-саймандар көрмеге қойылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметкерлері қызмет барысымен бөлісіп, өрт сөндірудің қиындықтары мен өзге де мәліметтермен бөлісті. Азаматтардың қайғылы оқиғаларын да мысалға келтірді.

Өрт сөндіру құралдары, дем алу аппараттары,қызметтік киімдер, өрт сөндіру сорғылары мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды.

Көрме соңында ТЖ Басқармасының бастығы А.Садықов Павлодар облыстық құтқарушылардың қатарын бүгінгі мектеп оқушылары толтыратынына сенімділігін білдірді.

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика