Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Астанада 20 шақты кәсіпкерлік кадр тапшылығын көруде

Кеше Астанада 20 шақты жұмыс берушінің қатысуымен кезекті бос орын жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Қазан , 11:55

«Біз түрлі дәрежедегі, түрлі мамандықтағы жұмыс берушілерді шақырдық. Жәрмеңкеге құрылысшылар, жеке компаниялар, зауыттармен сауда ұйымдары қатысты. Сонымен қатар, бүгін біздің құрамда әскери комиссариат та бар. Олар азаматтарды келісімшарт арқылы әскерге алуда», - дейді Елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қабылдау және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығының орынбасары Ұлан Наушанбеков.

Айта кету керек, жәрмеңкеде қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік басқарма мамандары түрлі сұрақтар бойынша кеңес берді. Олар қайта оқу мен жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін айтып, оқу орындары түлектеріне тәжірбие өту жолдарын көрсетті.

Қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі мәселесі бойынша Астана қалалық еңбек инспекциясы басқармасы мамандары кеңес берсе, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының мамандары халыққа зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін құжат дайындау туралы ақыл-кеңестерін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Сонымен қатар, шараға қатысқандар діни мәселелер бойынша да сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеге дін істері бойынша қоғамдық қабылдау  ат салысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкекелер келесі  аптада «Лесозавод» ауылында өткізілмек.

 

 




Яндекс.Метрика