Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

2013 жылы Маңғыстау облысында экономика саласына белсенді араласқан халық саны 55 мыңға артты

Маңғыстау облысында 2013 жылы экономика саласына белсенді араласқан халық саны 55 мыңға артты, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау19 Қазан , 11:02

«Экономикаға белсенді араласқан халық саны 274,2 мың адамды құрады, ол 2010 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 54,9 мың адамға көп», - деп хабарламада нақтыланған.

Жалпы, облыста экономикамен 259 мың адам айналысады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 205,2 мың адамға жоғары. Экономикаға белсенді араласатын халық саны 94,5 пайызды құрады, аталмыш көрсеткіш 2010 жылы 93,6 пайызға тең болған.

Оған қоса, жалдамалы жұмысшылар саны 241,6 мың адамды құрады. Жеке басын жұмыспен қамтығандар саны – 17,4 мың адам.

Жұмыссыздық көрсеткіші 5,5 пайызға дейін төмендеген.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика