Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Б.Нетаньяху Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын талқылады

Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Маусым , 18:13

Израиль премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді.

Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхуды Израиль премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын белгіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге Израиль жағы бастамашылық етті. 




Яндекс.Метрика