Парламент

Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысының Арнаулы Уәкілін қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысының Арнаулы Уәкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық Орталығының Басшысы Петко Драгановты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Маусым , 18:09

Ол болгар дипломатын жоғары халықаралық лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Орталық Азиядағы миссиясының табысты болуына тілектестігін жеткізді. Қазақстан Аймақтық Орталықты құрудың бастауларында тұрғанын атап өте келіп, Сенат Төрағасы осы құрылымның қызметіне парламенттік өлшемді енгізуді ұсынды.

БҰҰ Бас Хатшысының Арнаулы Уәкілі Қазақстан аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды факторы ретінде көрініп келе жатқанын, Орталық Азиядағы жағдайға оң әсер ететінін атап өтті. Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі жөніндегі келіссөздердің аяқталғанына жылы шырай білдірді. П. Драганов Аймақтық Орталықтың  басымдықтары: су ресурстарын басқару, трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын қорғау және қақтығыстарды болдырмау  саласындағы әлеуетті нығайту жайында әңгімеледі.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика