Мәдениетті жаңғырту

«Аида» операсын сахнада 200-ден астам адам сүйемелдейтін болады

«Аида» операсы өтіп жатқан кезде оны сахнадан 200-ден астам адам сүйемелдейтін болады. Бұл туралы «Аида» операсының сахналық қойылымының авторы, РФ халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Астана қаласы30 Маусым , 17:51

«Спектакальге мықты техникалық қолдау көрсетіледі. Сахнада бір мезгілде 200-ден астам адам жұмыс істейтін болады. Олардың арасында хор әншілері, әншілер, балет, 100-ден астам әскерилер мен осыншама көлемде техниктер болады. Олардың көпшілігі шымылдықтың арғы жағында жарықпен, дыбыспен жұмыс істейді»,-деді ол.

Ю.Александровтың айтуынша, бұл өте қымбат жоба, өйткені онда тек сахна жасалып қана қоймай, 1 мың 300-ден астам көрерменге арналған орын да ұйымдастыру қажет. «Біз тағы бір «Астана Операны» ұйымдастырдық, онда көптеген ұсақ-түйектер бар, олардың барлығын да біз өзіміз ойлап табамыз, алайда бұның коммерциялық жоба емес екендігін айта кету керек, бұл жерде ешкім де қаржы табайын деп отырған жоқ. Бұл жобаның идеясы коммерциялық емес, көбіне рухани»,-деді операның сахналық қойылымының авторы.      

Операны сонымен қатар, ардагерлер мен зейнеткерлер және мүмкіндікгі шектеулі жандар да келіп көрсе болады.

«Астана Опера» өткізетін қойылымда міндетті түрде ардагерлер мен зейнеткерлерге және мүгедектерге кемінде 15 орын белгіленеді. Осы жолғы қойылымда да солай болады»,-деді Ю.Александров.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика