Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«Тұлпар-Тальго» жаңа жолаушылар вагондары бұрынғыдан кеңірек болады

Біздің ендігіәрі қолданатын вагондарымыз осыған дейінгі «Тұлпар-Тальго» вагоны жобаларынан 20 сантиметрге кеңірек, деп хабарлады «Тұлпар-Тальго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қамсыздандыру бөлімінің бастығы Қайрат Сапарғалиев жүк жеткізіліп жатқан зауытта.
Астана қаласы30 Маусым , 16:34

Бүгін «KTZ Express» әріптестерімізбен бірге Испаниядан мультимодальды вагондарды тасымалдау бойынша алғашқы тәжірибені жүзеге асырудамыз. Біздің қазіргі жеткізіп жатқан вагондарымыз осыған дейінгілерінен бөлектеу, «Тұлпар-Тальго» вагондарының қазіргі жобасы бұрынғыдан 20 см-ге кең. Біздің әріптестеріміз Испаниядан аталмыш жүктерді жеткізуде үлкен еңбек сіңірді десе болады»,-деді К.Сапарғалиев.

Бөлім бастығының айтуынша, аталған жүктің жеткізілу аймағы туралы күн сайын тиісті ақпараттар жеткізіліп тұрды.  

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының өтінші бойынша 603 вагонды биылғы жылдың төртінші тоқсанында өндіріске енгізу көзделіп отыр. Техникалық парк жаңартылатын болады. Бұған қоса, зауыт іске қосылған күннен бастап, 323 вагон шығарылған, қазіргі таңда олар Қазақстан аймағында жүр»,-деді ол.   

Айта кету керек, «KTZ Express KTZ Express»  ұлттық мультимодальды оператормен жасалған кешенді келісімдерің аясында жолаушылар вагондарының алғашқы тасымалы жүзеге асырылды. Өз кезегінде ол белгіленген мерзімді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Осыған дейін жүк тасымалы 45 күн болатын, яғни мерзім 30 тәулікке кеміді.   

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика