Адамзаттық капитал

Маңғыстау облысында осы жылы демалушы бүлдіршін саны 652 балаға көбейді – әкімдік

Маңғыстау облысында осы жылы демалып жатқан балалар саны 652-ге көбейді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау30 Маусым , 17:36

«Облыста туризмді дамытудың негізгі мақсаты бала туризмін дамыту болып саналады. Облыс әкімдігі ірі кәсіпорын жетекшілерімен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірнеше мәрте жиналыстар өткізілді. Облыс әкімдігінің отырыстарында балалардың демалу сауықтыру шараларына көмек көрсету мәселелері талқыланады. 2014 жылы бұл санақ 2013-тің 2700 баласымен  салыстырғанда  3352 адамды құраған болатын», - деді Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжүнісова.

Оның айтуынша, демалушы балалар санына қарамай, жыл сайынғы орташа қысым 15-20 пайызды құрайды.

«Айта кетерлігі, сауықтыру орталықтары өздерінің демалу жаға-жайларына ие, балаларға ыңғайлы етілген, тереңдігі аз жағажай бар. Сондай-ақ, аталмыш орындары балаларды тамақтандыру бойынша бірнеше жылдық тәжірибеге ие. «Фламинго» мен «Волна» орталықтары 4500 адамды қамтиды», - деді Г.Байжүнісова.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика