Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Оралда тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Енді Орал тұрғындары Құрманғазы көшесі, 173/а мекенжайы бойынша орналасқан жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті анықтамаларды алып, құжаттарын ресімдей алады, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Батыс Қазақстан30 Маусым , 17:19

«Жаңа ХҚКО саны бойынша Оралдағы екінші болып табылады, бұған дейін қалада Жамбыл көшесі 81 бойынша тек бір Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді», - делінген хабарламада.

«ХҚКО» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Марат Бассаровтың айтуы бойынша ескі ХҚКО-ға жүктеменің артуына байланысты, екіншісін ашу қажеттігі туындаған. «Орал халқының саны 200 мыңнан астам адамды құрайды. Әрине, әрбір азамат кемінде жылына бір рет қандай да бір құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Сондықтан ескі ХҚКО-ның жүктемесін азайту үшін екіншісін іске қостық, мұнда қаланың барлық тұрғындары жүгіне алады»,- деп ол атап өтті.       

Азаматтарға қолайлы болу үшін ХҚКО аумағында 50 автокөлікке арналған тұрақ, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін батырмасымен пандустар бар.

ХҚКО ішінде құжаттарды қабылдауға арналған 20 және дайын құжаттарды беруге арналған 4 жұмыс орны қарастырылған. Клиеттерге қызмет көрсету үшін 40 инспектор жұмылдырылған.

Күнделікті ХҚКО мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады. Қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін «Connection Point» өзін өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда баланы балабақшаға кезеккке қоюды, жеке кредиттік есепті алуды, мекенжай анықтамаларын беруді, зейнеткерлік аударымдар туралы анықтаманы, некені тіркеуге өтініш беруді қоса алғанда, барлық электрондық қызметтерді алуға болады.

Орал қаласының ХҚКО-сында өткен жыл ішінде 617 202 қызмет, оның ішінде – 501 254 электрондық форматта көрсетілгендігін айта кетейік.

 




Яндекс.Метрика