Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Қазақстандық боксшылар Әлем чемпионатында алғашқы медальдарға қол жеткізді

Кеше Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Мерей Ақшалов шотландиялық Джош Тэйлорден басым түсті, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру Агенттігі.
Казахстан19 Қазан , 10:02

«64 кг салмақтағы М.Ақшалов Тэйлорды 3:0 есебімен ұтты. Шотландиялық боксы үшін бұл әлемдік біріншілікте екінші жекпе-жек еді. Бірінші айналымда ол Тринидадтық Акиеля Оутраманы жеңген болатын»,- делінген хабарламада.

Спортшының айтуынша, Доминикас Республикасының атынан шыққан Карлос Адамеспен болған кездесу қиын болған. Карлостың бұрынғы кездесулерін көрмеген және өзі де онымен бұрын-соңды жұдырықтаспаған. Жалпы спортшы кездесулерге көңілі толатынын айтты.

Айта кету керек, Ақшаловпен қатар 52 кг салмақтағы қазақстандық Ілияс Сүлейменов те өзінің алғашқы кездесуін өткізіп, австралиялық Эндрю Молоуниді ұпай санымен ұтып кетті.

 

 




Яндекс.Метрика