Халықаралық интеграция

Ф.Қуанғанов: Қазақстан Жібек жолының жаңғыруына мүдделі

Қазақстан Жібек жолының қайта жаңғыруына мүдделі, өйткені ол Азия халықтарының әл-ауқатын арттыруда шешуші бөлік болып табылады, деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов ҚР Президенті көтерген терроризммен күрес, әлемдегі бейбітшілік, түрлі мәдениеттердің өзара түсіністігі идеясын зерттеуге бағытталған семинар барысында.
Астана қаласы30 Маусым , 13:57

«Жаһандық дағдарыс жағдайында Азияның рөлі өте зор ресурстық әлеуеті бар экономикалық өсім орталығы ретіндегі арта түседі. Әлемдік ішкі жалпы өнімдегі Азия елдерінің үлесі соңғы жылдары үш есеге артты. Азия-Тынық Мұхитының 6 мемлекеті әлемнің 20 жетекші экономикасының қатарында. Олардың басты нышаны қазір Ұлы Жібек жолын жаңғырту жобасы болып отыр. Ұлы Жібек жолы қалыптастырып отырған бір жол, бір бағыттың рухы ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпинннің сөзінше, Мемлекет басшысы жария еткен "Нұрлы жол" бағдарламасында көрініс тапқан жаңа экономикалық саясатпен толық үндеседі»,-деді Ф.Қуанғанов.      

«Нұр Отан» партиясы хатшысының айтуынша, Қазақстан Жібек жолын жаңғыртуға мүдделі. Өйткені ол Азия халықтарының әл-ауқатын арттыруда шешуші бөлік болып табылады. «Ашықтық пен өзара тепе-теңдік және екіжақты пайдаға негізделген өңірлік ықпалдастық өңір халқының жағдайын жетілдіруге бағытталған шешуші кезең. Қазақстан Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан мемлекет ретінде Жібек жолының белсенді қалпына келуіне мүдделі. Біз ынтымақтастық аясының кейеңіп, сенімнің нығаюы, Азияның қарқынды дамуының кепілі болатындығына сенімдіміз»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика