Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Б.Нұрымбетов: ЖҚЖК аясында жыл соңына дейін 322 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған

ЖҚЖК аясында жыл соңына дейін 322 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Астана қаласы30 Маусым , 13:04

Біржан Нұрымбетов Қазақстанда индустрияландыруға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асырылып жатқанын атап өтті. «Бүгін 455 мың жұмыссыз және 585 мың өнімсіз еңбекпен қамтылған адам бар, ол 1 миллионнан астам адам. Елімізді индустрияландыру осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Ағымдағы жылы өңірлерді жұмыспен қамту кешеңдік жоспарлары және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 322 мың жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтылуына көмектесуді жоспарлап отырмыз».

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика