Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Е.Тоғжанов: Қазақстанның бейбіт бастамалары елге инвестицияның ағылуына себепкер

Қазақстанның бейбітшілікке негізделген бастамалары елге инвестициялардың ағылуына себеп болып отыр, деді Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов ҚР Президенті көтерген терроризммен күрес, әлемдегі бейбітшілік, түрлі мәдениеттердің өзара түсіністігі идеясын зерттеуге бағытталған семинар барысында.
Астана қаласы30 Маусым , 12:49

«Бүгінгі семинарды ұйымдастырудың өзі Қазақстанның бейбітсүйгіш саясатына деген, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатына деген  құрметтің белгісі. Қазақстан терроризмді таратпау мен жаһандық бейбітшілік бастамаларының заңды көшбасшысы. Н.Назарбаев әлемді бірінші болып Семейдегі ядролық полигонды жабу арқылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат кеңестіктің қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Ал, атом қаруынан бас тарта отырып, Қазақстан халықаралық саясатта жаңа адамгершілік тұрғыдағы стандарттардың негізін қалыптастырды, бүкіл әлемге бейбітшіліке пен сенім саясаты туралы жария етіп, тұрақтылық пен инвестициялардың ағылуына жол ашты»,-деді Е.Тоғжанов.

Оның сөзінше, осындай шаралардың арқасында әлемдік қауымдастық Қазақстанның бастамаларын қолдайды.

«БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29-тамызды Ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс күні деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы «Т» ұраны аясында өтті. Яғни,  «Т» - Trust –сенім, Traditions - дәстүрлер, Transparency - ашықтық, Tolerance – төзімділік.   

Бұл формула Н. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты мен рухани идеяларының ішкі мәніне толықтай сай келеді. Ұлт Көшбасшысының бастамасымен әлемде БҰҰ-ның қолдауымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру онжылдығы өтіп жатыр»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика