Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҚР ДСӘДМ 2020 жылға дейін экономиканың барлық саласына қатысты 900-ге жуық кәсіби стандарт әзірлеуді жоспарлауда

ҚР ДСӘДМ 2020 жылға дейін экономиканың барлық саласына қатысты 900-ге жуық кәсіби стандарт әзірлеуді жоспарлауда.Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Астана қаласы30 Маусым , 12:31

«Экономика қажеттілігін еңбек ресурстарымен қанағаттандырудың және өндіріс пен оқыту арасында тікелей байланыс орнатудың маңызды элеметтерінің бірі кәсіби стандарттар әзірлеу», - деді Б.Нұрымбетов.

Бүгінгі күні Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп негізгі элементтерікәсіби стандарттар әзірлеу болып табылатын Ұлттық біліктілік рамкаларын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.

2012-2014 жылдары аралығында 345 кәсіби стандарттар әзірленді, ағымдағы жылы тағы 58 әзірленетін болады. Жалпы, 2020 жылға дейін экономиканың барлық саласына қатысты 900 кәсіби стандарт әзірлеу жоспарлануда.

Вице-министр кәсіби стандарттар мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларды негізге алу қажеттілігін  айтты. Сондықтан жұмыс берушілер олардың әзірленуіне белсенді қатысуға тиіс.

 «Осыған байланысты, біз 2016 жылдан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, нақтырақ айтқанда жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінекәсіби стандарт әзірлеу жәнеактуализациялау бойынша міндеттерді тапсыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Біржан Нұрымбетов.

Одан басқа, сертификациялаудың тәуелсіз жүйесін құру жоспарлануда. Ол жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады және білім беру мекемесі бітірушісінің білімі және іскерлігі  жұмыс берушінің тәжірибелік сұранысына қаншалықты сәйкес екендігін анықтауға бағытталған.

Қазіргі кезде пилоттық режимде мұнай-газ, тау-кен өндіруші және туристтік салалар мамадарының біліктілігінің сәйкестігін растайтын және кәсіби дайындығын бағалайтын 3 орталық жұмыс жасайды. Құрылыс және машина жасау салаларының мамандары үшін білім және дағдыларын бағалау енгізу жоспарлануда.

 «Бүгін 455 мың жұмыссыз және 585 мың өнімсіз еңбекпен қамтылған адам бар, ол 1 миллионнан астам адам. Елімізді индустрияландыру осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді»,- деді ол.

Ағымдағы жылы өңірлерді жұмыспен қамту кешеңдік жоспарлары және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 322 мың жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтылуына көмектесу жоспарлануда.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика