Өңірлер

Биыл қаржылық сауықтыру бағдарламасы аясында АӨК субъектілерінің 20-дан астам өтінімдері мақұлданды

Биыл қаржылық сауықтыру бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерінің негізгі қарызының қалған сомасы 65,4 млрд. теңгені құрайтын 24 өтінімі мақұлданды, деп хабарлады «Қазагромаркетинг» АҚ.
Казахстан30 Маусым , 15:47

Мақұлданған өтінімдер бойынша есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы 856 млн. теңгеге жуық соманы құрайды.

Аймақтар бойынша мақұлданған өтінімдер Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласына тиесілі.

Бағдарлама аясында өтінімдері мақұлданған АӨК субъектілері өсімдік, мал, құс шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін өткізу салаларында жұмыс істейді.   

«Қазагромаркетинг» АҚ АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасы аясында оператор қызметін атқарады және қаржы институттарынан өтінімдер қабылдайды.

Қаржылық сауықтыруға 2014 жылдың 1 қаңтары күніне екінші деңгейлі банктердің және лизингтік компаниялардың немесе өзге де ұйымдардың алдында қарыздары бар агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қатыса алады.

Субъектілердің қарызы 9 жылға дейінгі мерзімге қайта құрылымдалуы (қайта қаржыландырылуы) және қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгеде 7%-ға және шетелдік валютада 5%-ға төмендетілуі мүмкін.

Қаржылық сауықтыруға қатысуға ниет білдірген қарызгерлер қарыз алған екінші деңгейлі банктерге, лизингтік компанияларға немесе өзге ұйымдарға өтінім беруі тиіс.

Қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №9-1/320 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика