«2016-2018 жылдары мемлекеттік білім беру тапсырыстары мен техникалық және кәсіби білім беруге индустрия талаптары негізінде 4 мың орын бөлу жоспарланған. Ол үшін жылына 134 млн теңге қажет болады»,-деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, 2015 жылы жоғары оқу орындары саласында 24 жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, базалық жоғары оқу орындарынан тәртіпаралық бағыты басым 24 жаңа зертхана салу жоспарланып отыр.
«Жаңа білім беру бағдарламалары шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының қатысуымен дайындалады және олар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарының нақты ИИДБ-2 жобаларына негізделген»,-деп қосты министрдің орынбасары.
Индира Кауметова