Өңірлер

Қазақстанда 28 765 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда сомасы 204,8 млрд. теңгенің 28 765 нысаны жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан30 Маусым , 15:03

Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 355,5 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 37 516 өтініш түсті.

Сомасы 252,9 млрд. теңгеге 31 036 тұрғын үй нысаны, сомасы 97,8 млрд. теңгеге 16 138 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 68,0 млрд.теңгеге 4 075 коммерциялық нысан,  сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 204,8 млрд. теңгеге 28 765 нысан  жария етілді.

Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,2 млн тенге құрайтын 17 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті.

Сомасы 636,2 млн. теңгеге 16 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 25.06.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 72,1 млрд.теңге ақшаны жария етуге 133 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,8 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,4  млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 35,1 млрд. теңге. 
 
26.06.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.




Яндекс.Метрика