Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда грантқа ие болған 6 колледж 425 млн теңгенің заманауи қондырғысымен жабдықталған – БҒМ

ТжКБ жаңғырту жобасы аясында Қазақстанның 6 колледжі заманауи технологиямен жабдықталды, ол 425 млн теңгені құрады, деді ОКҚ брифингінде білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
Астана қаласы30 Маусым , 11:47

«10 іріктелген колледждің 6 ТжКБ жаңғырту бойынша грантқа ие болды, ол Дүниежүзілік банк есебінен алынып отыр. Аталмыш жоба аясында колледждер 425 млн теңгенің заманауи қондырғыларымен жабдықталды. Сондай-ақ, 57 оқыту-өндірістік еңбек орны, лаборатория жабдықпен қамтылды. Ол үшін күн сайын 200 млн теңгенің қажеттілігі туады», - деді ОКҚ-да вице-министр.

Е.Иманғалиев атап өткендей, осы жылдан бастап екі колледжде 8 жаңа бағдарлама апробацияланады. Ол Көкшетаудағы жоғарғы техникалық мектеп пен Ақтөбе политехникалық колледжі. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен келісу де жүзеге асуда, ол оқу үрдісіне 1 қыркүйектен бастап енеді.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика