Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2015-2019 жылдар аралығында ҚР-да кадрға деген сұранысы 46 мың адамды құрайтын 250-ден астам жоба жүзеге асырылатын болады

2015-2019 жылдар аралығында 257 өңірлік және республикалық жоба жүзеге асырылатын болады, жобалардың кадрларға деген сұранысы 46 мың 600 адамды құрайды, деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы30 Маусым , 11:38

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру мақсатында және ИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында базалық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамытудың бағдарламасы дайындалды. Аталған бағдарлама мен екінші бесжылдық талаптарына сәйкес, 2015-2017 жылдарға арнап кадрларды дайындау жұмыстары жүргізіледі»,-деді вице-министр.

Осылайша, салалар бойынша басым бағыттар төмендегілер болады: металургия, мұнайгазхимиясы, электроэнергетика, жеңіл және тағам өнеркәсібі, АӨК, машинақұрылысы, ақпараттық коммуникациялық технологиялар.

Е.Иманғалиевтың айтуынша, базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамыту бағдарламасы басты үш аспектіні ұстанады. Бұл жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, ИИДМБ жобаларының сұраныстары бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен зертханалық базаны жаңа бағдарламаларға ыңғайлап жаңарту. «Индустриялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, 2015-2019 жылдар аралығында 257 өңірлік және республикалық жоба жүзеге асырылады, олардың кадрларға деген сұранысы 46 мың адамды құрайды»,-деді ол.  

Нақтырақ айтатын болса, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары саласында «Кәсіпқор» холдингі мен осы колледждерді дамыту жөніндегі әріптес колледждер арасында келісім жасалды. ИИДМБ екінші бесжылдығының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында холдингтің білім беру бағдарламаларын сәтті енгізу бойынша кеңестер әзірленді.   

«Осы кеңестер негізінде халықаралық тәжірибе мен индустрияландыру талаптары негізінде 8 жаңа білім беру бағдарламасы дайындалуда. 2017-2018 жылдары тағы 16 білім беру бағдарламасы дайындалатын болады.  

Индира Кауметова

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика