Евразиялық одақ

ЕАЭО елдеріндегі ортақ дәрі-дәрмектер нарығының жұмысын бастау үшін қажетті құжаттар жасақталды

Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тобы үш жаңа құжат жасақтады, оларды ЕАЭО-да 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ дәрі-дәрмектер нарығы өз жұмысын бастау үшін осы жылы қабылдау керек.
Әлемде30 Маусым , 14:32

ЕЭК-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәселе дәрі-дәрмектерді таңбалау, өкілетті тұлғалардың реестрін енгізу мен  жасақтау, ЕАЭО мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекторлар жүйесіне қойылатын талаптар мен тәртіптер туралы.

Дәрі-дәрмектерді таңбалау талаптарының жобасы еуропалық алғашқы таңбалау бойынша ұсыныстарға сүйене отырып жасалды. Ол дәрілік препарат туралы ақпаратқа ортақ талаптар қояды, яғни өндірушінің препарат туралы ақпараты, оның құрамы, мерзімі, тұтыну көлемі туралы ақпаратқа.

Екінші құжат  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекторлар жүйесіне қойылатын ортақ талаптар  бүгінде қолданыста жүрген халықаралық фармацевтикалық инспекторлар қарым-қатынасы жүйесін (PIC/S)  негізге ала  отырып жасалды.

Үшінші құжат  дәрілік препараттарды өндіруші өкілетті тұлғалардың реестрін енгізу мен  жасақтаудың ортақ тәртібіне  дәрілік заттарды өндіруді реттеу ережесі енгізілген. Құжаттың мақсаты  фармацевтикалық кәсіпорынның әр өндіріс алаңында жоғары сапаны қамтамасыз ететін тұрақты жүйені қалыптастыру.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика