Астана күні

Астана күні: Ел астанасында 1-шілдеде цирк өнерінің фестивалі басталады

2015 жылдың 1-шілдесінде Астана күнін атап өту аясында елордада «Азия жаңғырығы» атты цирк өнерінің фестивалі басталады, деп хабарлайды елорданың мәдениет басқармасы.
Астана қаласы30 Маусым , 15:32

Мерекелік шараның бағдарламасында Беларусь, Испания, Куба, Латвия, Ресей, Украина мен еліміздің ең танымал деген әртістері өнер көрсететіндігі айтылған.  

Орталық Азияда жалғыз болып табылатын, жыл сайын ұйымдастырылатын «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі  шілденің 1-нен 8-не дейін жалғасады.

Бағдарламада цирк өнерінің барлық жанрлары қамтылған. Көрермендер цирктің ең үздік көріністерін тамашалайтын болады. Олардың арасында: Африка арыстандары, әуе гимнасттарының бас айналдырар қойылымдары мен клоундардың шоулары бар.   

 




Яндекс.Метрика