Ауыл шаруашылығын жаңғырту

2013 жылы Ақмола облысында екі жылдың астық қоры -1,5 млн тонна бидай дайындалды

Ақмола облысының шаруалары 1,5 млн тонна болатын екі жылдың астық қорын дайындап қойды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
Ақмола19 Қазан , 09:25

«Бұл өз кезегінде мал басының сақталуы және көбеюі мен тауар өндірісінің артуына жол ашты. Нәтижесінде мүйізді ірі қара малы 378,7 мың басқа жетіп, 108 %-ға, сиыр малы 113,2 % (168,8 мың), жылқы 107,7 % (132,9 мың), қой-ешкі 108 % (491,8 мың), құс 104,2 %-ға артқан (3,3 млн). ет өндірісі 8 %-ға өсіп, 56,5 мың тоннаға, ал сүт 7,4 % (263,5 мың тонна), жұмыртқа 7,4 %-ға көбейді (396,4 дана)», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінге дейін елорда нарығы ауылшаруашылығы өнімін өндіруші шаруалар тарапынан 48,8 мың сүт өнімімен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 101,1%-ға артық. Ал ет өнімдері былтырғыдан 100,9 % пайыз көрсеткішпен 13,9 мың тоннаны құрады, ал жұмыртқа саны 130 мың данаға жеткен.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика