Халықаралық интеграция

Е. Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ Орталық Азиядағы алдын алу дипломатиясы жөніндегі Өңірлік орталық басшысы Петко Драгановпен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Астана қаласы 30 Маусым, 11:24

Тараптар өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер, оның ішіндеАуғанстаннан халықаралық коалиция күштерін алып шығуына байланысты мемлекеттің даму болашағы, Таяу Шығыстағы ахуал жайында пікір алмасты. Аймақтағы су және энергия ресурстарын тиімді пайдалану, экология, кедейшілік, еңбек миграциясы және өзге мәелелерге ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен БҰҰ өңірлік құрылымдарының бірлескен күші экономикалық мәселелерді шешу және Орталық Азия елдерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасайтын мемлекетаралық құқықтық қатынастарды қалыптастыруға жұмылдырылуы тиіс деп атап өтілді.

Е. Ыдырысов бірқатар Орталық Азия елдеріне техникалық көмек көрсету мақсатында құрылатын «KazAID» агенттігі жайында мәлімдеді. «Біз Қазақстанның болашақта дамуы көршілес мемлекеттердегі өрлеусіз мүмкін емес деген тұжырымды басшылыққа аламыз. Аталмыш аймақтың экономикасын белсенді инвестициялап, Орталық Азия мемлекеттерінің заманауи қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру саясатын жүргізуді қолдаймыз», – деп көрсетті министр.

Тараптар, сондай-ақ, аймақтық сауда-экономикалық және аймақаралық транспорт инфрақұрылысын, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде қазақстандық бөлімше құрылысындамыту мәселелерін талқылады.





Яндекс.Метрика