ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: 2014 жылы өңірлік технопарктерден түскен таза кіріс 46,2 млн теңгені құрады

Осы уақытта Қазақстанда Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен қалаларында 8 өңірлік технопарк орналасқан.
Казахстан30 Маусым , 10:53

2014 жылы технопарктердің қызметі жолға қойылғалы бері алғаш рет таза кіріс 46,2 млн теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда әкімшілік шығыстары 18 пайызға оңтайландырылды, сондай-ақ штаттық бірліктер де ойңтайланды. Технопарктердің аймағында тұрған резиденттердің жалпы көлемі -152, инновациялық компаниялардың үлесі/технопарктердің резиденттерінің жалпы көлемінің жобасынан – 68,5 пайызды құрап отыр.   

2015 жылдың маусым айында Үкіметтің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» № 280 қаулысына сәйкес, Ұлттық технологиялық даму агенттігінің технопарктердегі қатысу үлесін сату бойынша сауда-саттық ұйымдастыру жоспарланып отыр.  

Салалық конструкторлық бюросы бойынша, 2014 жылы түскен таза пайда – 18,9 млн теңгені құрады. Қазіргі таңда «Көлік машинақұрылысы конструкторлық бюросы», «Тау-кен құрылғылары конструкторлық бюросы», «Мұнай-газ құрылғыларының конструкторлық бюросы», «Ауыл шаруашылығының машинақұрылысы конструкторлық бюросы» сияқты 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. 2014 жылы салалық конструкторлық бюролар бойынша 73 конструкторлық-технологиялық құжат дайындалып, 2-і сатып алынып, 8 құжат сынақтан өтіп, 9 түрлі өнім сертификатталған.   

2015 жылдың ортасына таман жекешелендірудің екінші толқыны аясында да агенттіктің үлестері саудаға шығарылмақ.

  

 

 




Яндекс.Метрика