Халықаралық интеграция

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері түркиялық Әділ сот академиясының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін зерттеді (ФОТО)

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов бастаған қазақстандық делегацияның Түркияға сапары түркиялық Әділ сот академиясының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін зерттеумен аяқталды, деп ведомсвтоның баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде 30 Маусым, 10:38

Аталып өткендей, Қазақстаннан барған өкілдер Академияның басшылығымен кездесіп, білім ордасының негізгі бағыттарымен танысты. Түркиялық әріптестер оқу орнының құрылымдық ерекшелігі, оның жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі, тыңдаушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік және метариалдық-техникалық базасы туралы әңгімелек берді.

«Әділ сот академиясы білім беру мекемесі болып табылады, онда сот немесе прокурор мамандығын таңдағандарға білім алу міндетті. Ол өзгеде оқу орындарымен, әлемнің 80-нен астам мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс істейді. Оқуды тәжірибелі сот төрағалары мен прокурорлар жүргізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, Түркиялық Әділ сот академиясының оң тәжірибесі Қазақстандағы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында пайдаланылатын болады.





Яндекс.Метрика