Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Шалғай елді мекендердің тұрғындарына әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша тегін медициналық көмек көрсетілетін болады

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтеді.
Казахстан30 Маусым , 10:23

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, акция шеңберінде терапевт, фтизиатр және басқа да мамандардан құралған жұмылдыру топтарының шалғай елді мекендерге шығуы ұйымдастырылытын болады. Ауыл тұрғындары туберкулез және АИТВ/ЖИТС сияқты әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша кеңес алып, сонымен қатар тегін зерттеуден өте алады.

Акцияның мақсаты қоғамның және мемлекеттік органдардың назарын  ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайту мәселелеріне аудару, сонымен қатар ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары, мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.   

Қазақстанда туберкулез сырқаттанушылық деңгейін төмендету және АИТВ-инфекциясының таралуын шегінде ұстау «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылатынын еске сала кетейік.

 




Яндекс.Метрика