Халықаралық интеграция

СІМ экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес бойынша Қазақстан және АҚШ ынтымақтастығы мәселелері талқыланды (Фото)

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға экстремизмге қарсы күрес бойынша өңірлік конференцияда америкалық делегацияны бастап келген АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің кедендік-шекара қызмет жетекшісі Ричарл Гил Керликовскимен кездесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 30 Маусым, 08:36

Кездесу барысында тараптар мемлекеттердің экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және күрес саласындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылап, аталмыш бағытта өзара тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Е. Ыдырысов Астанада өтіп жатқан Конференция зорлық экстремизмге қарсы күресте мемлекеттік сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара пікірі мен тәжірибесін алмасатын елеулі алаңға айналатынына сенімін білдірді. Ол Қазақстанның өз кезегінде экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресінде елеулі әрекеттері жайында атап өтті. Ондай шаралардың қатарына Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің ұйымдастырылуы жатады. «Дінді зомбылық пен соғыстың үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланбас үшін әлемдегі діни көшбасшылардың қолдауымен біз алдын ала және стратегиялық түрде әрекет етуге ұмтыламыз», – деп көрсетті министр.

Өз кезегінде Г. Керликовски Астанада өтіп жатқан Өңірлік конференцияның айрықша маңыздылығын атап өтіп, аймақтағы көптеген мемлекеттермен өзара тәжірибе алмасу мен ықпалдасудың жолдарын табуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Оның ойынша, Конференцияға қатысушылардың жоғары деңгейі Қазақстанның әлемдегі зор беделі, сондай-ақ мемлекеттердің экстремистерден келетін қауіпті байыппен қабылдауы жайында баяндайды.

Кездесуде сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ экстремизмге қарсы күресінің тиімді ықпалдасуы, сондай-ақ экспорттық бақылаудың халықаралық тәртібі, шекараларды қорғау саласындағы ынтымақтастық және транспорттық инфрақұрылымның даму мәселелері талқыланды.

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика