Халықаралық интеграция

Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің экстремизмге қарсы конференциясында қорытынды құжат қабылданды

Қорытынды құжат қабылданды, бұл биылғы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін зорлық-зомбылық экстремизміне арналған жаһандық саммиттің ұйымдастырушыларына біздің қосқан үлесміз ретінде ұсынылатын болады, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада өтіп жатқан өңірлік конференцияның бірінші күнінің аяқталуы аясында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы29 Маусым , 19:21

«Коференция өңірлік сипатта өтті және ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерін біріктіреді, сонымен қатар, зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру жөніндегі Жаһандық Саммитке дайындықтің бір бөлігі деуге болады. Саммит АҚШ Президенті Барак Обаманың бастамасымен биылғы жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының аясында Нью-Йоркте өтеді. Алғашқы ұйымдастыру саммитіне АҚШ Президенті бастамашы болып, биылғы жылдың ақпанында өтті»,-деді Е.Ыдырысов.

Оның сөзінше, қауіпсіздік күн тәртібіне қойылған мәселелердің басты бағыты болды, Орталық және Оңтүстік Азиядағы жағдай жердің өзге аймағындағы елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрақтылығына үлкен әсер етуде.   

«Біз қорытынды құжат – конференцияның төрағаларының есебін дайындадық. Бұл АҚШ-та өтетін саммиттің дайындығына қосқан үлесіміз ретінде ұсынылатын болады. Мен бүгінгі жиында айтылған кеңестер мен тілектер, идеялар  АҚШ-тағы саммиттің маңызды бөлігі болады деген ойдамын. 29-шілдеде АҚШ Римде тағы бір үйлестіруші іс-шара ұйымдастырып, самитке қатысты мәселелер сөз болады»,-деді Е.Ыдырысов.   

Қорытынды құжатта 20-дан астам кеңестер бар, олардың арасында экстремистердің әлеуметтік желілерді пайдаланып жасайтын қауіптеріне назар аудару керектігі, зорлық-зомбылық экстрмизмі идеологиясын әлсірету, зорлық-зомбылық экстремизміне қатысты жергілікті тұрғындардың «иммунитетін» күшейту сияқты мәселелерді ерекше айтуға болады.   

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика