Парламент

Сенатта Қазақстан мен Жапония арасындағы инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы29 Маусым , 18:34

Келісім 2014 жылы 23 қазанда Астанада қол қойылған болатын.

Құжат инвестициялық ахуалды жақсартуға және екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгеннен басқа да бірқатар ережелер бар.

Мәселен, құжаттың 12-бабында инвестицияны екінші тараптың мемлекет меншігіне еріксіз алуы кезінде инвесторға өтемақы төлеу көзделген, ол төлем мерзіміне дейінгі кезеңдегі әділетті түрде нарықтық бағамы бойынша пайыздары қосылып және кідіріссіз төленуі тиіс. Бұл ереже қолданыстағы 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» заңда болған жоқ.

 




Яндекс.Метрика