Инновациялар

Ұлттық инновациялар байқауы 5 аталым бойынша өтеді

Ұлттық инновациялар байқауы жылда өткізілетін «NIF$50K», «Рационализатор ұсыныстары», «Өрлеу ақпараты» сияқты байқаулар мен инновация бойынша елде ұйымдастырылатын ең үздік деген байқаулардың топтастыруға бағытталған, деді Ұлттық технологиялық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы29 Маусым , 18:19

Байқау «Мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Қазақстан, ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стар-тап командалары үшін Technation акселерациялық бағдарламасы», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорындағы рационализаторлықты қолдауға бағытталған үздік жүйе» аталымдары бойынша өтеді. Бұған қоса онда тағы журналистерге арналған тренингтер өткізіліп, оның қорытындысы бойынша үздік материалдардың автторлары анықталады.    

«Бізге ұлттық инновациялық жобаның субъектілерін қоздыру маңызды, өйткені біз бәрін осы үдеріске араластыруымыз керек. Биыл біз мектеп қабырғасынан бастағанды жөн көрдік. Біз жалпыұлттық инновациялық байқаудың аясында түрлі аталымдарға бастамашы болдық. Олардың бірі техникалық колледждердің 10-11 сынып оқушылары, олар  IT жобалармен, физика, химиямен қызығып айналысуда»,-деді Ж.Сәлімов.  

Ұлттық технологиялық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Қазақстан, ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің командалары үшін Technation акселерациялық бағдарламасын ерекше атап өтті.  

«Қазіргі таңда байқауға қатысуға 15 өтініш түсті, олардың 9-ы еліміздің азаматтарынан келген. Өтініштер 15-шілдеге дейін мобильді технологиялар, электронды коммерция, аспан есептеулері, медиа-технологиялар сияқты бағыттар бойынша қабылданады. Ең үздік деген 7 жобаның авторы АҚШ-тың Кремний алқабында акселерациядан өтеді»,-деді ол.

Қазақстанға келісімен командалардың барлығы өздерінің жұмыстарын жалғастыру үшін 5 млн теңгеге дейін инвестиция алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.   

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика