2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Астананың құрылуы мен дамуындағы Н. Назарбаевтың рөлі туралы екі ұрпақ кездесуі аясында айтылды (ФОТО)

Ұлт көшбасшысы кітапханасында «Ұрпақтар кездесуі «Астана: тарих пен болашақ» шарасы өтті. Кездесудің құрметті қонағы белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Оралбай Әбдікәрімов болды.
Астана қаласы 29 Маусым, 18:09

Шараның басты тақырыбына Астананың құрылуы мен дамуындағы  Н. Назарбаевтың ролі айналды, ҚР Тұңғыш Президентінің жасампаз идеялары мен ұсыныстары талқыланды.

«Бүгінгі кездесуге елордалық жастар белсенді қатысуда. Олар студенттер, оқушылар, жастар ұйымдарының өкілдері. Сондықтанда бізге Президенттің мәдени орталығының ұйымдастыруымен өтіп отырған кездесу қала күні қарсаңында қуантады. Біз Алматыдан Астанаға елордамызды көшіру туралы шешімнің қалай қабылданып, жүзеге асырылғалы туралы соның басы қасында жүрген адамдардың өз аузынан ести аламыз», - деп ағынан жарылды Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрайымы Салтанат Әли.

Айта кетерлік жайт, шара жастарды үлкендердің тәжірибесіне жақындастыру және басымдылықты сақтауға бағытталды. Сонымен қатар, ол отан сүйгіштікке, елордамызбен мақтануға шақыруды көздеді.

«Біз бүгін осында елорданы көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғанын естідік, сонымен қатар сол жылдары Президент әкімшілігін басқарған Оралбай Әбдікәрімовпен кездестік. Ол осы ілкімді істі іске асыруға белсенді атсалыққан азаматтардың қатарынан болып табылады», - деді С. Әли.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

 





Яндекс.Метрика