Халықаралық интеграция

ҚСЗИ: Қоғам зорлық-зомбылық экстрмизмімен күресте барлық күшті арнайы органдарға салып қоймауы керек

Қоғам зорлық-зомбылық экстремизмімен күресте барлық күшті құқық қорғау органдарына салып қоймауы керек. Бұл істе мемлекет пен қоғамның жауапкершілігін бірдей қарастыратын идеология қалыптастыру қажет. Бұл туралы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Астанада өтіп жатқан зорлық-зомбылық экстремизмімен күрес жиынында мәлім етті.
Астана қаласы29 Маусым , 17:19

«Қазақстанда осы жылдар аралығында терроризм мен экстремизмге қарсы тиімді жүйе қалыптасты. Қазақстан ТМД кеңістігінде алғашқы болып терроризмге қарсы заң қабылдады, бұл террористік әректтерге қатысты іс-қимылдардың негізі болды. 2003 жылы ҰҚК жанынан терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды. Өз кезегінде ол түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы бірлескен қимылдарды үйлестіретін тетік қалыптастырды. Экстремизммен күреске бағытталған ұлттық жүйе құруда 2013 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламаны ерекше атауға болады»,-деді институт директоры.    

Оның сөзінше, біздің қоғам зорлық-зомбылық эксремизмімен күресте барлық күштерді құқық қорғау органдарына бекітіп қоймауы керек. Бұл іске мемлекет пен қоғам бірдей жауапты болуын қарастыратын идеология қалыптастыру керек.

«Бұл кез-келген ұлттық стратегияның шешуші бөлігі болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның бірлескен қимылдары аясында тәуелсіз талдау және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы сияқты теңдессіз тәжірибе бар.  2013-2014 жылдары Бас прокурордың және ҰҚК-нің қолдауымен бір топ тәуелсіз сарапшылар зерттеу жобасын жүзеге асырды, бізге соңғы 10 жылда орын алған қылмыстардың барлығы ашылды. Мен поскеңестік елдер ішінде сарапшылар мен арнайы қызмет өкілдерінің осыншама ынтымақтастықта жұмыс істегенін көрген емеспін»,-деді сарапшы.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика