Адами капитал

Ақмола облысында 97 мың оқушы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі (Фото)

Биылғы жылы 97002 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.Бүгінгі күні облыста 16 сауықтыру орталықтары қызмет етеді, оларда 5687 оқушы өз денсаулықтарын шыңдауда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 29 Маусым, 20:27

Облыстағы балалар демалыстарының негізгі түріне мектеп жанындағы лагерьлер жатады. Облыс бойынша барлығы 675 мектеп жанындағы лагерьлер бар, оларда жаздың алғашқы айында 23771 оқушы дем алды.

Оған қоса 106 палаталық және спорттық лагерьлерде демалыстар ұйымдастырылған. Маусым айында оларда 2900 оқушы дем алған.

12837 оқушы көгалдандыру бойынша бригадаларда, жұмыс жасақтарында және мектептік орманшылықтарда еңбек қызметімен қамтылған.

Жалпы жазғы еңбекпен қамту кезеңінде 49 378 оқушыны тарту жоспарланған.Бүгінгі күні 3590 оқушы қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен аулалық клубтарға баруларын жалғастыруда. 2113 оқушы зияткерлік бағыт бойынша лагерьлерде, «Жас ұлан», «Жас Қыран» лидерлер мектептерінде айналысуда.

Білім беру ұжымдары облыс және Республика бойынша таныстыру сапарлары мен жорықтарын, экскурсияларды ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. 3292 оқушы Астана, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай ауданында тарихи құндылықтары бар орындарды аралап шыққан.

Оған қоса, облыстың 30 оқушысы халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен спорттық жиналыстарына, туристік сапарларға қатысты.

Тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларды сауықтыру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 19851 оқушы (100 %) жазғы демалыстармен қамтамасыз етілген.





Яндекс.Метрика