Қалаларға шоғырлану

Өскемен мен Семейдегі Ертіс жағалауы абаттандырылады (ФОТО)

Өскемен мен Семейдегі Ертіс жағалауы абаттандырылады, орталық алаңда түрлі-түсті, ән айтатын субұрқақтар пайда болады, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 29 Маусым, 19:56

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі Ертіс жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты.  Тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы болуы үшін және олардың уақыттарын белсенді өткізуін қамтамасыз ету үшін жоба бойынша 2,5 км болатын велосипед жолы салынады. Ал негізгі жолдың беті әрлендіріліп, өзенге түсетін жолдардың жан-жағы қоршалатын болады.    

«Жағалауда 3 балаларға арналған алаңдар салынып, көше бойына спорттық жаттығуларға арналған тренажерлер қойылады. Жол жиегіндегі шамдар жаңартылып, орындықтар мен биодәретханалар қойылады. Семейде Ертіс жағалауында «Дастан» кинотеатрынан бастап, ексі көпірге дейінгі 1 км жолға тас төселеді. Сонымен қатар мұнда да қоршаулар салынып, жаңа орындықтар мен шамдар орнатылады»,-делінген хабарламада. 

Айта кететін мәселе, жаз соңына дейін екі қаланың да орталық алаңдарында ән салатын түрлі-түсті субұрқақтар орнатылады.  

 

 

 





Яндекс.Метрика