Инвестициялар

«Ақтау теңіз порты» АЭА түркиялық инвесторлардың қызығушылығын тудырды

Қазақстанның түрлі аймақтарында шамамен 50 индустриалды аймақ құрылды, олардың ішінде 10-ы ғана белсенді жұмыс істеуде, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері.
Астана қаласы29 Маусым , 19:41

Астанада «Атамекен»ҰКП-да Түркияның сауда палаталары және сауда биржасы одағының өкілдерімен кездесу өткізді. Ұйымдастырылған өндіріс пен технологиялық аймақтар корпорациясы басқармасының төрағасы Ахмет Шекероғлы атап өткендей, түркиялық тараппен қазақстандық қалалар Шымкент, Қарағанды мен Ақтау сынды қалалары зерттелді.

 «Біз түркиялық инвесторлар үшін ең қолайлы қала  Ақтау қаласы деп шештік. Егер Қытаймен Жаңа Жібек жолы туралы жобаны есепке алатын болсақ, Ақтау ең қолайлы аймақ»,  деді түркиялық корпорацияның өкілі.

Сонымен қатар, түркиялық сарапшы соңғы 3 жылдаға еліміздің заңнамалық базасындағы өзгертулерге қызығушылық білдірді.

«Біздің делегация Түркияға өз әріптестерінің тәжірибесін зерттеуге кетті. Бүгінде біз индустриалды аймақтардың құрылу барысын зерттеудеміз  бұл кішкене өзгешелу үлгі»,  деді ҰКП халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша  атқарушы хатшысы Евгений Больгерт.




Яндекс.Метрика