Халықаралық интеграция

ҚР ҰҚК террористік әрекеттерден келетін қауіп-қатерлерді ескертуде әлемдік қоғамдастық келісіп қимылдауда

Террористік әрекеттерден келетін қауіп-қатерлерді ескертуде әлемдік қоғамдастық келісіп қимылдауда, деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Астанада өтіп жатқан зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру жөніндегі өңірлік конференция барысында.
Астана қаласы29 Маусым , 16:34

«Ұлттық стратегиялар экстремизмге қарсы тұруға бағытталған бүкіләлемдік жүйенің қажетті бөлігі болып отыр. Бүгінгі таңда аталмыш саладағы басты құжаттардың бірі БҰҰ-ның Жаһандық терроримзге қарсы стратегиясы болып отыр. Аталған құжат экстремизммен күресте бірыңғай халықаралық жүйе құруға мүмкіндік берді. Өз кезегінде әр елдің ұлттық бағдарламасы болды және ол осы елдердің лаңкестікпен күрестегі іс-қимылдары туралы білуге мүмкіндік жасады, құжат терроризммен күрестің тиімділігін анықтайты негізгі шарт болып табылады»,-деді Н.Білісбеков.   

Бұған қоса, ҰҚК төрағасының орынбасары ұлттық жоспар құруды негізге алынуы тиіс ұстанымдарды айтты.  

«Біріншіден, әлемдік қоғамдастық террористік әрекеттерге жол ашатын жағдайлардың алдын алуда келісілген түрде әрекет етуде. Бүгінде біз терроризмді интернет арқылы насихаттау, азаматтарда соғысқа қатыстыру үшін ұрлау әрекеттерімен бетпе-бет келіп отырмыз. Осы ретте барлық жалпыға ортақ мәселелер бойынша бірыңғай, бірбағытты саясат жүргізу керек. Екіншіден, бұл терроризмге бағытталған ұлттық жүйені қалыптастыруда алдыңғы қатарлы тәжірибені қолданумен байланысты. Тәжірибе көрсеткеніндей, террористердің іс-әрекеттері мен тәсілдері барлық жерде бірдей»,-деді ол.    

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика