Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ақмола облысында мемлекеттік қызметте 63 пайыз әйел жұмыс істейді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметте 3 293 әйел, яғни 63 пайызы қызмет етеді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Ақмола29 Маусым , 19:36

Партияның облыстық филиалында Ақмола облысының саясаткер әйелдерінің отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары  Дулат Нұрмолдин айтқандай, әйел адамдар биліктің барлық құрылымында жоғарғы шенге ие болып отыр.

«Облыста бағытты және жүйелік жұмыстар жүргізілуде. Оған дәлел аудан әкімі болып Г.Сәдуақасованың тағайындалуы. 19 аудан әкімінің 12-сі әйелдер болып есептеледі. Оның ішінде облыстық білім беру басқармасының жетекшілері, ішкі саясаткерлер, мәдениет және дене шынықытру саласының жетекшілері. Жалпы, мемлекеттік қызметте 3293 әйел жұмыс істейді, ол 63 пайызды құрайды. Билік органдарында 20 пайыз әйел, яғни 26 мың адам бар», - деді ол.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева клуб алдында тұрған негізгі мәселелерді атап өтті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика