Астана күні

Астана сәулетші Кисе Куракаваның бас жоспарын баяғыда жүзеге асырып қойды-депутат

Астана өзінің даму барысында сәулетші Кисе Куракава жазған бас жоспардан баяғыда озып кетті, енді дамыту жоспарын халық санының артуына байланысты жетілдірген жөн, деп мәлімдежі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов «Strategy2050.kz» АҚ берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы29 Маусым , 17:04

«Астана  біздің Президентіміз Н.Назарбаевтың қаласы. Астана өз уақытын басып озды. Менің ойымша, біздің Астанамыз әлемнің ең әдемі елордаларының 10-дығына кіреді деп ойлаймын. Ол үшін бізде барлық жағдайлар мен негіз бар. Бүгінгі таңда елордамызда өтіп жатқан түрлі халықаралық шаралар оның дамуына тиімді әсер етуде», - деді депутат.

Т.Өмірзақов атап өткендей, қалалық маслихаттың депутаты кезінде сәулетші Кисе Куракавадан елорданың бас жоспарын қабылдағандардың қатарында болған.

«Мен Кисе Куракавадан бас жоспарды қабылдаған маслихат депутаттарының қатарында болдым. Айта кетерлік жайт, Астана өзінің даму барысында сәулетші Кисе Куракава жазған бас жоспардан баяғыда озып кетті, енді дамыту жоспарын халық санының артуына байланысты жетілдірген жөн», - деді Т.Өмірзақов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика