Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Е.Қарин: ҚР-да магистральдарды жаңғырту 2020 жылға таман транзиттік тасылымдар көлемін екі есеге көбейтеді

ҚР-да магистральдарды жаңғырту 2020 жылға таман транзиттік тасылымдар көлемін екі есеге көбейтеді, деді ОКҚ брифингінде Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.
Астана қаласы29 Маусым , 16:17

«Бүгінде мамандардың бағасы бойынша  магистральдардың 70 пайызы Қазақстанда ескірген жағдайда тұр. Жақын арадағы 5 жылда көліктік-транзиттік жаңғыртылуға бөлінетін қаржы арқасында 2020 жылға қарсы магистральдардың 80 пайызы жақсы жағдайда, 19 пайызы-қанағаттанарлық болмақ», - деді Е.Қарин.

Оның айтуынша, көліктік-транзиттік жүйені жаңғырту 2020 жылға қарсы елден кететін транзиттік тасымалды екі есеге көбейте түседі.

«300 темір жол вокзалы жөнделіп, 600 локомотив жаңарды, 20 мың жүк және тасымалдаушылар вагоны жаңғыртылды. Кешенді шаралар жоспары 2020 жылға қарсы Қазақстаннан транзиттік көлемді екі есеге ұлғайтады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика