Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Талғар ауданының ет зауыты үш елдің қарулы күштерін қамтамасыз етуде

ШОБ дамыту бағдарламасы аясында ет өнімдерін өндіру бойынша Талғар зауыты өз өнімдерімен аймақ тұрғындарын ғана емес, ҚР Қорғаныс минстрлігін, Өзбекстан Республикасының ІІМ, Қырғыстанның Қорғаныс министрлігін қамтамасыз етуде, деп хабарлады «Даму» қоры.
Алматы30 Маусым , 09:08

Ет өнімдерін өндіру бойынша Талғар зауыты қайта өңдеу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету бойынша бағдарламаның қатысушысы атанды.

«Макария»ЖШС  ет консерваларын, шұжық өнімдерін өндіретін,негізі 2000 жылы қаланған зауыт. Ол Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында орналасқан. Ол бүгінде Алматы облысында отандық консервілерді өндіретін жалғыз зауыт.

Кәсіпорында 15-тен астам түрлі өнім түрлері жасақталды. Барлық тауар сертификатталған. Өндіріс барысы заманауи технологиямен қамтылған және онда инженерлік-техникалық білімі бар мамандар және біліктігі жоғары жұмысшылар жұмыс істеуде.

Компания қарызға алған 50 млн теңгеден астам қаржыға жаңа технология сатып алмақшы. Несие «Даму» қорының кепілділігінің арқасында  12 млн теңге көлемінде алынатын болады.

Қазіргі таңда Талғар зауыты өз өнімдерімен аймақ тұрғындарын ғана емес, ҚР Қорғаныс министрлігін, Өзбекстан Республикасының ІІМ, Қырғызстанның Қорғаныс министрлігін және жеке фирмаларды қамтамасыз етуде. Сонымен қатар ол ұдайы шетелдік көмелерге қатысып келеді.




Яндекс.Метрика